Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ресей бас прокуратурасы Франция мемлекеттік кеңесінің Мұхтар Әблязовты Мәскеуге бермеу туралы шешімін негізсіз деп санайды

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
2402
Ресей бас прокуратурасы Франция мемлекеттік кеңесінің Мұхтар Әблязовты Мәскеуге бермеу туралы шешімін негізсіз деп санайды

Ресей бас прокуратурасы Франция мемлекеттік кеңесінің Мұхтар Әблязовты Мәскеуге бермеу туралы шешімін негізсіз деп санайды. БТА банктің экс-басшысы Әблязовты қайтару үшін Қазақстан мен Ресей бірнеше жылдан бері әрекет етіп келеді. Франция өз шешімін "Мәскеу сұрауын саяси себеппен жіберіп отыр, сондықтан бас тарттық" деп түсіндірді. Ал Ресей бас прокуратурасы бұл шешім француздық соттардың бұған дейінгі қаулыларына қайшы екенін айтты. Бұған дейін Экс-ан-Прованс, Лион және Кассациялық соттар Ресейдің экстрадиция бойынша сұрауы халықаралық талаптарға және француз заңнамасына сай келеді деген еді.

Қазір қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязов бостандықта. 9 желтоқсанда Франция мемлекеттік кеңесінің шешімінен соң, ол 2013 жылдан бері отырған түрмеден босатылды. Айта кетерлігі, Қазақстан Әблязовқа 6 млрд доллардан астам қаржыны қымқырды деген айып тақты. Ал Ресей тарапы 5 млрд және Украина билігі 400 млн доллар ұрлады деп айыптап отыр.