$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жерорта теңізінде кеме апатқа ұшырады: 60-тан астам адам қаза тапты

AstanaTV
17.12.2023ж. 16:11
1202
Жерорта теңізінде кеме апатқа ұшырады: 60-тан астам адам қаза тапты

Ливия жағалауында Жерорта теңізінде мигранттар мінген кеме суға батып кетті. Қазіргі уақытта 61 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Халықаралық көші-қон ұйымына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

БҰҰ-ның Ливиядағы халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлағандай, Ливия жағалауында қайғылы кеме апатынан кейін 61 мигрант, оның ішінде әйелдер мен балалар суға батып кетті. Аман қалғандардың айтуынша, Зувара қаласынан шыққан кемеде шамамен 86 адам болған. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ. CNN хабарлауынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі жариялаған соңғы мәліметтерге сәйкес, биыл ғана Орталық Жерорта теңізінде 2500-ден астам адам қайтыс болды немесе із-түзсіз жоғалды. Сондай-ақ арна әлемнің басқа бөліктеріндегі сандар "өте жоғары болуы мүмкін" екенін атап өтті.