Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қызылордада полиция қызметкері көпірден секірмекші болған әйелді құтқарып қалды

AstanaTV
17.12.2023ж. 16:51
954
Қызылордада полиция қызметкері көпірден секірмекші болған әйелді құтқарып қалды

Қызылорда қаласында полиция қызметкері көпірден секірмекші болған әйел кісіні құтқарып қалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері полиция сержанты Қуаныш Қайрат бір азаматшаның өмірін құтқарып қалды.

«Полиция сержанты қызметін атқару барысында сол жағалау бөлігіне баратын көпірден секірмекші болған азаматшаны байқаған. Дереу «102» арнасына хабарлама беріп, жедел-тергеу тобы келемін дегенше азаматшаны сөзге тартқан. Полиция сержанты әйел кісі төменге қарай секіруге әрекет еткен сәтінде белінен ұстап алып, оның өміріне араша түсті. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Қазіргі таңда азаматшаның жағдайы тұрақты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.