Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"150-ден астам көлік жеткізілді": Атырауда полицейлер қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған көліктерді жөнелтуге көмектесті

AstanaTV
18.12.2023ж. 23:02
1023
"150-ден астам көлік жеткізілді": Атырауда полицейлер қолайсыз ауа райы салдарынан жолда қалған көліктерді жөнелтуге көмектесті

Облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тасжолдардың көктайғақ болуына байланысты Атырау облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Осы орайда полицейлер жол бойында қалған көліктерге облыс аудандарына бағыт көрсете отырып жеткізген, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы.

Ведомство ақпараты бойынша, желтоқсанның 17-сі Атырау облысы аумағында қалың қар түсіп, тасжолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары – Бейнеу, Атырау – Индер бағытындағы тасжолда барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.

"Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.

Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілген. Сондай-ақ Индер ауданы аумағындағы елді мекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.

"Ауа райы қолайсыздығына байланысты өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздік сақтауыңызды сұраймыз", – деді полицейлер.