Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанның үш аймағында жол жабық тұр

AstanaTV
18.12.2023ж. 23:47
859
Қазақстанның үш аймағында жол жабық тұр

ҚазАвтоЖол үш облыста республикалық маңызды автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін еске салды. Аталған аймақтарда аяз күшейіп, көктайғақ, жаңбыр жауып тұр, деп хабарлайды Kazinform.

Жамбыл облысында — 1 учаске (79 км)

— «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы)

Тыйым барлық көлік түрлеріне арналған.

Ақтөбе облысында — 1 учаске (176 км)

— «Самара-Шымкент» а/ж 526-702 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (132 км)

— «Самара-Шымкент» а/ж 394-526 км. Жымпиты кенті — Ақтөбе облысы шекарасы.

Тыйым жүк және қоғамдық көліктерге арналған.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.