Астанада бір түнде 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес береді.
«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыз. Көлік құралдарының жүргізушілері шұғыл маневр жасап, тежегішті күрт басудан абайлауы қажет, бұл қазіргі ауа райы жағдайында жол-көлік апатына әкеп соғуы мүмкін», - деп ескертеді ПД өкілдері.
Полиция сондай-ақ жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше мұқият болуы керек екенін ескертті.
«Жүріс бөлігінен өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізіп, гаджеттерден алшақтау керек. Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Жүргізушілерді мұқият болуға, көліктерді жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына және қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз», - делінген хабарламада.