Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

AstanaTV
19.12.2023ж. 12:21
1020
Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан 2 оқушы мен мұғалім көз жұмды

«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты.

Оқиға бүгін, сағат 08:45-те «Самара – Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.

«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Бұған дейін Ырғыз ауданының әкімдігі Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылғанын мәлім еткен еді. Такси көлігінде жүргізушіден бөлек, 5 оқушы мен 1 педагог болған.