$448.98 €502.45 ₽5.45

Павлодар облысында мас автомеханик клиентінің көлігін айдап кетіп, аударып алған

Павлодар облысында мас автомеханик клиентінің көлігін айдап кетіп, аударып алған
Әлеуметтік желі

Павлодар облысында автомеханик клиентінің көлігін жөндеп болған соң, өзі мініп серуендеуге шыққан. Алайда рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға Ертіс ауданында болған. Жөнделген көлікті иесіне қайтарудың орнына, шебер рұқсатсыз рөлге отырып, жолға шыққан.

Полиция анықтағандай, ер адам мас күйде болған және жүргізуші куәлігі болмаған. Жол үстінде көлік аударылып кеткен.

Құқық бұзғаны үшін ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.