Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты

19.12.2023ж. 20:00
616
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты

2024 жылы Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етеді. Бұл туралы Призидент бұған дейін Минскіде өткен жүздесуде айтқан. Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Мәскеуде Парламенттік Ассамблея кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Төраға ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайтуға еліміздің елеулі үлес қосуға дайын екенін жеткізді. БҰҰ, ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен серіктестікті тереңдетіп, төтенше жағдайларды алдын алуға басымдық беру керегін айтты. Сондай-ақ қару-жарақ, оқ-дәрі мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жітілдіруді ұсынды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

1 қаңтардан бастап Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етеді. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде бірлескен күш-жігермен және ҰҚШҰ мен оның Парламенттік Ассамблеясының жұмыс органдарының сараптамалық қолдауының арқасында біз ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту ісінде жемісті жұмыс істейтінімізге сенімдімін.