Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Былтыр жаңа жыл қарсаңында 400-ге жуық өрт шыққан", - ТЖМ

AstanaTV
19.12.2023ж. 20:00
517
"Былтыр жаңа жыл қарсаңында 400-ге жуық өрт шыққан", - ТЖМ

Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас басталды. Базар маңында пиротехника сататындар көбейді. Мамандар қауіпсіздік шаралары жайлы қанша дабыл қақса да, жыл сайын қайғылы жағдай тіркеледі. Былтыр жыл басын отшашумен қарсы алмақ болған 14 адам тіл тартпай кеткен. 16-сы ауыр жарақат алған. Мереке қарсаңында былтыр ел бойынша 400-ге жуық өрт тіркелген. Қайғылы жағдайдың көбі өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болды, -дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Дмитрий ТИТОВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Пиротехникаларды сатып аларда контрафакты емес екеніне көз жеткізу керек. Яғни, зауыттан шыққан түпнұсқа болуы шарт. Біз оны рейд барысында да тексереміз. Ал қолданар кезде тұрғындар қарапайым қауіпсіздік шарасын сақтаса дейміз. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен отшашу ұшқыны кіріп кетіп, өрт шыққан факт тіркелген. Адамдар тұрған жаққа бағыттауға болмайды. Жел екпіні қатты болса, отшашу мүлдем атпау керек.
Фейерверкті тұтатқан соң қолда ұстап тұруға болмайды. Тұтанбаса 2-3 минут ішінде жанына жақындау аса қауіпті. Мамандар 14 жасқа дейінгі балалардың қолына пиротехника бермеуге кеңес береді. Мерекелік шыршаны безендіретін өнімдердің электр сымы зақымдалмаған болуы шарт. Әрі жылу беретін заттардың жанына шырша құрмаған жөн.