Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордада су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды

Қызылордада су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды

Қызылорда облысында 29 су басу ықтималдығы бар аумақ анықталған. Оған 364 арнайы техника және 120-ға жуық мекеме бекітілген. Жауаптылар биылғы су тасқынының алдын алуға сақадай саймыз дейді.

«Шардара» су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 400 текше метр су жіберілуде. Ал Қызылорда су торабынан секундына 235 текше метр су өтіп жатыр. Мамандар былтырғымен салыстырғанда су деңгейінің әлдеқайда аз екенін айтуда. Сондықтан аймақ басшысы қазірден қамдану керектігін қатаң тапсырды.

Мүмкіндік болса Аралға осы кезде жіберіп алу керек. Біздегі арналарымызды, көлдерімізді толтырып алуымыз керек. Қазірден бастап жоспарымыз бар, жұмыс жасап жатырмыз. Суды аз қажет ететін дақылдарды көбейту керек. Күрішті мүлде азайта алмаймыз. Бірақ мүмкіндігінше азайтамыз. Өйткені су қиын болады.

Қазіргі таңда Арал мен Қызылорда қаласы аумағындағы өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Су деңгейі төмен болғанымен, босаңсуға негіз жоқ дейді мамандар.

Бейбітхан СПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Күнделікті әзірліктеміз. Төтенше жағдайлар департаментінен қысқы кезеңдерге жіне су тасқынына тартылатын күш құралдардың саны 183 қызметкер, 54 дана техника әзірлікте.

Аймақ үшін сең жүретін ақпан мен наурыз айлары қауіпті болып саналады. Қажеттілігіне қарай мұз жару жұмыстары да жүргізіледі. Қала және аудан әкімдері су тасқынына қарсы пайдаланатын материалдық-техникалық қор жеткілікті деп отыр.