Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

СҚО-да сілеусін 44 қойды қырып кеткен

AstanaTV
20.12.2023ж. 16:55
844
СҚО-да сілеусін 44 қойды қырып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында сілеусін бір отар қойды қырып кетті.

Айыртау ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде таңғы сағат 5 шамасында 44 қойдың қырылып жатқаны анықталды. Бақташылар нақты себебін таппады. Содан бірден аудандық полицияға хабар берген. Оқиға орнынан шұғыл тергеу тобы жіберілді.

Тексеріс кезінде үй жануарларынан тістелген және тырналған жаралар анықталды. Ал тамақ тұсындағы жарақаттар өлімге себеп болған. Бір қойды жартылай жеп қойған, - дейді полицейлер.

Тергеушілер иттердің болғанын жоққа шығарды. Себебі оқиға орнынан басқа жабайы жануардың іздері табылған. Ал 500-600 метр шалғай жерде сілеусіннің табанына ұқсас іздер анықталды.

Шаруа қожалығына келген шығынның көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.