Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Абай облысындағы тасжолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып кетті

AstanaTV
20.12.2023ж. 18:10
880
Абай облысындағы тасжолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып кетті

Абай облысындағы тасжолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай тасжолының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.

Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке келген.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.

Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.