Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркияда тағы дау: футболшылар төрешінің мұрнын сындырып тастады

AstanaTV
20.12.2023ж. 18:48
956
Түркияда тағы дау: футболшылар төрешінің мұрнын сындырып тастады

Түркияда төрешіге шабуыл жасайтындар тоқтамай тұр. Жақында футбол клубының басшысы қазыны ұрып тастаса, енді футболшылар төрешіні соққыға жықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Түркияның Ширнак аймағындағы әуесқой командалар матчында ойыншылар төрешінің мұрнын сындырды.

"Кумчатыспор" мен "Чизре Диджлеспором" арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталған.

Алайда, ойын есебіне риза болмаған "Кумчатыспор" футболшылары төрешіні соққыға жығып, мұрнын жарақаттады.

Бұған дейін Түркиядағы футбол клубының президенті де төрешіні ұрып тастаған болатын.