Ақмола облысының денсаулық сақтау саласы жылдан жылға дамып келеді. Маман тапшылығы біртіндеп шешіліп, материалдық-техникалық база жаңғыртылуда. Көкшетауда ана мен бала өлімі бір жылда 40 пайызға азайған. Жалпы аурушаңдық көрсеткіші төмендеген. Бұл орайда медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен. Күн-түн демей адам жанының арашашысы болған ақ халаттылар туралы Дәрібек Бахытбек айтады.
Емхана жұмысы сырттай қараған адамға жеңіл көрінгенімен жауапкершілігі жоғары. Мұнда күніне 2 мыңға жуық науқас келеді. 90 мың адам тіркеуде тұр. Барлық кабинеттер жаңа технология құрылғыларымен жабдықталған.
Жұлдыз ӘЛПІЛАМ, ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда біздің жалпы есханамыздың әртүрлі саладағы мамандарымыз жыл сайын өзінің біліктілігін арттыруға жібереді. Мысалы жанағы простивті порсанаж саласында оқытылады жыл сайын. Сонымен қатар жанағы ултродыбыстар дәрігерлеріміз, учаскелік дәрігеріміз, акушер генкологтар, хиругтар кез-келген мамандар бізде жыл сайын өзінің біліктілігін арттырады.
Мұрат Сейтхазин осыдан 13 жыл бұрын қант диабетіне шалдыққан. Алғашында дерт байқалмапты. Дәрігер қарауына келген соң ғана білген. Бірақ емделсе де еш нәтиже шықпаған. Сосын осында келдім дейді. Нәтижесінде қандағы қант мөлшері 13 пайыздан 7-ге түскен. Жағдайы жақсарып келеді.
Мұрат СЕЙТХАЗИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Постояна жирний жейміз.Сонда сахар көтеріледі. Менде 13 болған. Менде анда да мында да бәріңде ішіп жатырмыз. Былай қарап тұрсаң ингфарт болдым екі ай болды. Сол осында келіп обучениемен жүрмін. Қазір міне питанием обучением мықты болды.
Айта кетейік қалалық емхананың бұдан бөлек 6 ғимараты бар. Мұнда орта дәрежелі 425 мейірбике, 105 дәрігер жұмыс істейді.