Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атырау облысының тұрғыны күйеу баласын пышақтап өлтірді

AstanaTV
21.12.2023ж. 05:32
769
Атырау облысының тұрғыны күйеу баласын пышақтап өлтірді

Атырау облысы Құлсары қаласында енесі күйеу баласына ас үй пышағымен жарақат салып, нәтижесінде жәбірленуші қаза тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 

Оқиға 20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында болған. 1986 жылы туған әйел азаматтық некедегі жолдасын  ішіне анасының ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған жанұяда бұрын да отбасылық жанжал орын алып, 1996 жылы туған ер адамның қаңтар және сәуір айларында 2 мәрте әкімшілік қамауда болғаны анықталды", - делінген хабарламада.