Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайлық полицейлер ірі көлемде ұрлық жасаған топты ұстады

AstanaTV
14.12.2016ж. 20:00
3154
Қостанайлық полицейлер ірі көлемде ұрлық жасаған топты ұстады

Тобыл өңірінде 40 шақырым жерге жететін электр сымын ұрлаған 8 адамнан тұратын топ құрықталды. Қарақшылар темір жол бойындағы желілерге 150 миллион теңгеден астам шығын келтіріпті. Бұл жайында бүгін облыстың ІІД өкілдері айтты. Полицейлердің дерегінше, барлығы Қостанай облысының тұрғындары. Электр сымын ептілікпен жымқырғандардың арасында 2 электрик бар. Күдіктілердің үшеуі бұрын сотталған. Олар уақытша қамауға алынды. Қалғандарына ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Қылмыстық топ бірнеше ауданның аумағында ұрлық жасап, алюминий сымдарын Лисаков қаласындағы темір қабылдайтын жерге өткізіп келген. Тергеу амалдары барысында 10 тоннаға жуық электр сымы тәркіленген. Енді ұрланған затын қабылдағандар да жауапкершілікке тартылмақ.

Мұрат Көшеков, Қостанай облысы ІІД  қызметкері:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188 бабы 4 бөлігі бойынша, атап айтқанда, ірі көлемде ұрлық жасау бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.