Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралдық жылуқуат мекемесінің басшысы 350 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырған

AstanaTV
14.12.2016ж. 20:00
2395
Оралдық жылуқуат мекемесінің басшысы 350 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырған

Оралда 349 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырған "ЖайықЖылуҚуат" АҚ бұрынғы басшысы Нұрлыбек Киреев шетелде қашып жүрген жерінен ұсталды. Бұл туралы арнамызға БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің өкілдері айтты.

Тергеу барысында анықталғандай, Нұрлыбек Киреев осыдан екі жыл бұрын жылу беру мекемесіндегі газтурбиналық қондырғысына қосалқы бөлшектерін сатып алмақ болады. Бірақ ол Жапонияда жасалған қондырғының құралын Ресейден сатып алуды көздейді. Осылайша қызметкерімен бірге ресейлік танысының фирмасымен келісімшарт жасайды да, оның есеп-шотына 349 миллион теңге аударған. Кейін осы қылмысы ашылып қалған Нұрлыбек Киреев елден жыраққа қашса, серігі Бакир Каримов 7 жылға сотталып кетті.

Нүркен Набиев, СЖҚІҰБ БҚОД тергеу басқармасының басшысы:

Киреев тергеу барысында қудалау органдарынан қашып кетті. Сол себепті халықаралық іздеу жарияланды. Іздеу шаралары нәтижесінде Самара облысында табылып ұсталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында қамалды. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.

Басшысы істі болған "Жайықжылуқуат" кәсіпорнының жағдайы да мәз емес. Қазір мекеменің қарызы 820 миллион теңгеге жеткен. Ал тұрғындардың жылу берушілерге борышы жарты миллиард теңгеден асыпты. 

Еркін КАРИН