$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Конституциялық реформаға қатысты Парламенттік бақылаудағы өзекті мәселелер талқыланды

AstanaTV
21.12.2023ж. 20:00
590
Конституциялық реформаға қатысты Парламенттік бақылаудағы өзекті мәселелер талқыланды

Астанада елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаға қатысты Парламенттік бақылаудағы өзекті мәселелер талқыланды. "Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық үкімет шеңберінде заңдардың орындалуын парламенттік бақылаудың нысандары мен әдістерін Конституциялық реформалау және оңтайландыру" атты халықаралық дөңгелек үстелге Грузиядан келген заңгер-ғалымдар қатысты. Жиынға қатысушылар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси жүйесінің формуласын бекіту мәселелерін қарастырды. Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов дөңгелек үстелге қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Ол заңдарды әзірлеу және қабылдау құқықтық басқару процесін жетілдірудің бастапқы кезеңі екенін айтты.

Қанатбек САФИНОВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Парламенттік бақылау негізінде заңнаманы және құқықтық қолдану практикасын өзгертуге және ұсыныстар енгізуге болады. Сондай-ақ орындаушыларды емес, басшылардың жауапкершілігі туралы мәселені көтере алады. Мемлекеттік дамудың бүгінгі кезеңінде біз қандай да бір жаңа құралдарды ойлап таппауымыз керек. Керісінше әлеуеті зор Конституциямызда белсенді және толық іске асыруымыз керек деп санаймын.
Әлихан Бәйменовтың айтуынша, мемлекет ырғақты жұмыс жасауы үшін оның тармақтары арасындағы қарым-қатынас өте маңызды.

Әлихан БӘЙМЕНОВ, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Парламенттік бақылау ол тек депутаттардың өз жұмыстарын көрсету үшін емес, не тек қана атқарушы биліктің есеп беруі үшін ғана керек емес. Жалпы атқарушы биліктің мұң мұқтажына сезімталдығын қалыптастыру үшін керек.