Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Жат ағымның жетегінде кеткен 1200-ден астам адам тура жолға түсті", - Бас мүфти

21.12.2023ж. 20:00
461
"Жат ағымның жетегінде кеткен 1200-ден астам адам тура жолға түсті", - Бас мүфти

Діни оңалту жұмыстары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары жат ағымның жетегінде кеткен 1200-ден астам адамды тура жолға түсуіне ықпал еткен. Олардың жасы 20 мен 40 аралығында. Бас мүфти түрлі діни ағымдардың таралуына қарсы тұру жұмыстары жүйелі жүріп жатқанын айтты. Бұдан бөлек дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту бағытында да түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Қоғам болғасын, өмір болғасын әртүрлі адасушылықтар болып жатады. Оның барлығы неден болуы мүмкін? Әрине, ата дәстүрімізді білуіміз керек. Көбіне біз жастарды кінәләймыз. Жастардан бұрын ата-ана дәстүрді қаншалықты біледі? Осыған көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана біз балаларымызға дұрыс тәрбие бере аламыз.