Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркістан облысында жол апатынан 1 жолаушы қаза тауып, 6 адам ауруханаға түсті

AstanaTV
22.12.2023ж. 12:05
520
Түркістан облысында жол апатынан 1 жолаушы қаза тауып, 6 адам ауруханаға түсті

«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 719 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Шымкент қаласынан Сарығаш бағытына шыққан «Toyota Camry» көлігі «Mersedes-Sprinter» жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Салдарынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Төлеби АПБ мен аудандық прокуратура басшылығы барды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданатын болады», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.