Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елде жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам жұмысшы жетіспейді

AstanaTV
22.12.2023ж. 12:25
564
Елде жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам жұмысшы жетіспейді

Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының сарапшылары елдегі жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам қызметкер жетіспейтінін айтты.

Оның үстіне кадр тапшылығы барған сайын артып келеді.

Сонымен қатар республика бойынша ЖЭО жаңғырту және жаңадан салу жобалары әзірленіп жатқаны айтылады. Оларға мамандар қажет. Өскеменде әмбебап жылуэнергетиктерді қарқынды түрде дайындау қолға алынып жатыр.

Сонымен бірге бас қалалық жылу электр орталығында техникалық студенттерге арналған оқу сыныптары ашылып жатыр. Оқу бағдарламасына сай, олар кәсіпорында бір оқу күнін өткізеді: тәлімгерлердің бақылауымен, цехтарда жұмыс істейді, турбиналық және электр жабдықтарына қызмет көрсетеді.

Өскемендегі жылу-электр орталығы цехының меңгерушісі Серік Байсаринов тәжірибелі адамдардың бірте-бірте кетіп бара жатқанын айтады.

"Біз үшін олардың қарапайым білім алғаны маңыздырақ. Ең бастысы - электромонтер немесе электрослесарьдан бастау, өсу және тәжірибе жинақтау. Бізден көп студент тәжірибеден өтеді."
Серік Байсаринов

Келесі жылы шығыстағы ЖЭО үшін 200-ден астам сертификатталған маман дайындалады, бірақ бұл да көрсеткіш емес. Өнеркәсіпте өткір кадр тапшылығы байқалады — Қазақстанның жылу электр станцияларында 15 мыңнан астам жұмысшы жетіспейді.

Телеарнаның хабарлауынша, еліміздің жылу электр станциялары бүгін де, жақын болашақта да кадрлық резервке мұқтаж. Қазақстанда бірден үш ЖЭС салу жоспарланып отыр. Олар Өскеменде, Семейде және Көкшетауда. Жылу энергетиктерінің айтуынша, бір қазандық қондырғысына қызмет көрсету үшін кемінде 600 маман қажет.

Өскемен мен Риддерге мамандар қазір қажет. Облыс орталығындағы жылу электр орталығы 6-қазандықты жаңғыртуға және салуға дайындалып жатыр. Қалада бүгінде 200 гигакалориядан астам жылу энергиясы жетіспейді. Энергия ресурстарының тапшылығы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын бәсеңдетеді. Бұрын бас жоспарда бекітілген ғимараттар аяқталып жатыр. Әзірше жаңа жобалар тоқтап тұр.

"Кадр тапшылығы, сайып келгенде, инфрақұрылымды кеңейте алмауымызға әкеліп соқтырады. Екібастұз бен Риддер қалаларында болған жағдайлар осы салаға, кадр даярлауға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті".
Сәуле Рахметуллина, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры

2018 жылы еліміздің жоғары оқу орындарына "Жылу энергетикасы" мамандығына 972 студент қабылданды, олар республиканың жылу электр станцияларының ұжымына қосылады деп болжанды.