Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

18 жастағы бойжеткен бес күннен кейін табылды

AstanaTV
22.12.2023ж. 13:55
496
18 жастағы бойжеткен бес күннен кейін табылды

Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды.

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

«Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.