Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада LRT құрылысы белгіленген мерзімінде аяқтала ма?

AstanaTV
22.12.2023ж. 14:30
550
Астанада LRT құрылысы белгіленген мерзімінде аяқтала ма?

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда көшелеріндегі көлік кептелісін азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанын мәлім етті.

«LRT жұмыстары биыл басталды, енді біздің жоспарымыз бойынша 2,5 жыл ішінде құрылыс аяқталады. Бұл көлік кептелісі мәселесін шешуге үлкен үлес қосады деп есептейміз. Биыл әл Фараби – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жаңа көпір салдық. Ол Түркістан, Ақмешіт көшелері мен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік кептелісін 15-20 пайызға азайтты» - деп жауап берді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Келесі үлкен көпір – Рэдиссон қонақ үйі мен М. Нәрікбаев университетінің арасында салынады. Оның құрылысы күзде басталып, екі жылда аяқталады. Ол Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылындағы кептелісті азайтады.

«Сондай-ақ келесі жылы Қабанбай батыр даңғылына шығатын Тәуелсіздік даңғылының жалғасы салына бастайды. Ш. Айтматов көшесінің ашылуы Сығанақ көшесі мен Ұлы дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылындағы көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетті, бұл көлік жүктемесінің 12% төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар шағын айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.