Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жүргізуші полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреген

AstanaTV
22.12.2023ж. 18:11
394
Жүргізуші полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреген

Рудныйда полиция қызметкерін көліктің капотында сүйреген жүргізуші ұсталды.

22 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды.

Қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ПД жағдайды объективті бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалғанын атап өтті.