$474.72 €515.17 ₽5.58
×

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

22.12.2023ж. 20:00
839
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

Астанада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды. Үздік деп танылған 19 лауреат диплом, төсбелгі және қомақты сыйлыққа ие болды. «Дарын» сыйлығы жастарға ғылым, шығармашылық жетістігі, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы бағындырған белесі үшін беріледі. Жалпы 340-тан астам үміткерден өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бұл сыйлық дарынды жастардың өміріне жаңа серпін әкеледі.

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысының соңғы жылдары жүргізіп жатқан ауқымды реформалары да осындай жастарымыздың ертеңі үшін жасалып отыр. Болашақ қазақстанның әлемдік аренада, шын мәнінде өркениетті, зиялы да зайырлы, озық ойлы болуына бірден бір кепілі де осы.