Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген: Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды

AstanaTV
22.12.2023ж. 20:54
906
Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген: Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды

Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды, - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. 

Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. 

Осы оқиғаның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.