Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда аялдамадағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

AstanaTV
22.12.2023ж. 21:20
664
Алматыда аялдамадағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматылық дәрігерлер бүгін аялдамада болған апаттан зардап шеккен адамдардың жағдайын айтты.

"Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды.

Үш ересек адамға жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Автобусты жүргізген әйелдің жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмек пен барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Еске салайық, бүгін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кетті. Полицияның мәліметінше, бүгін кешкі сағат 18:15 минутта №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.