$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шавкат Рахмоновтың операция жасататыны рас па?

AstanaTV
23.12.2023ж. 02:27
Шавкат Рахмоновтың операция жасататыны рас па?

Америкалық Youtube арнасының авторы SerEbro EnlosDeportes қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары туралы айтты.

«Шавкат Рахмоновтың тобығына ота жасалатындықтан, ол кем дегенде алты-жеті ай алаңға шықпайды. Мен спортшы рингке жазда оралады деп шамалап отырмын. Бірақ Шавкатқа асығудың қажеті жоқ: ол ота жасатып, Белал Мұхаммад пен Леон Эдвардстың жекпе-жегін тамашалап, содан кейін жеңімпазбен кездесе алады», - дейді арнаның авторы.