Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қырғызстанда мемқызметке орналасушыларды жалған сөз детекторымен тексермек

AstanaTV
23.12.2023ж. 03:01
419
Қырғызстанда мемқызметке орналасушыларды жалған сөз детекторымен тексермек

Қырғызстанда мемлекеттік және муниципалдық қызмет кандидаттарын жұмысқа қабылдау кезінде полиграф арқылы тексеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін «Кабар» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаев мәлім етті.

«Резервке алу және муниципалдық және мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарына тағайындау кезінде полиграфтан өтудің негізгі мақсаты – кандидаттың сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғышарттарын анықтау. Полиграф мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылып, патриоттарды билікке тартуға көмектеседі. Бүгінде бұл бағытта тиісті нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде», - деді ол.

Базарбаевтың сонымен қатар атап өтуінше, агенттік болашақ мемлекеттік қызметкердің бойынан кәсіби, адамгершілік және психологиялық қасиеттерді жан-жақты бағалау, сондай-ақ IQ деңгейі мен көшбасшылық әлеуетін анықтау мақсатында биыл екі мультипсихометр сатып алған.