$518.97 €607.3 ₽6.64
×

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтерді

AstanaTV
15.12.2016ж. 20:00
2924
АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтерді

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық мөлшерлемені 0,25 пайызға көтерді. Бұл соңғы 9 жылдағы екінші өсім, деп хабарлайды Рейтерс. Экономист мамандар базалық мөлшерлемесі 2017 жылы тіпті 3 есеге дейін көтеріледі деген болжам жасап отыр. Осылайша  АҚШ экономикасы тағы да нығая түспек.

Айта өтейік, қазір Құрама Штаттарда инфляция деңгейі тұрақты. Жұмыссыздық 4,6% құрап отыр. Салдары өзге дамушы мемлекеттердің жағдайын қиындататыны мәлім. Өйткені мұнай құны құлдырап, ұлттық валюта әлсірейді. Бүгінгі күннің өзінде Brent маркалы қара алтынның құны барреліне 55 долларға түсті. Бір сөзбен айтқанда, Америка орталық банкінің аяқасты қабылдаған шешімі әлемдік экономиканы тығырыққа тіреп отыр. Қазақстандық сарапшылар бұл ел экономикасы үшін де жақсы емес деп болжайды.

Меруерт Махмұтова, экономист:

Біздің экономиканың мұнайға тәуелділігі зор болғандықтан, әрине, мұнай бағасы төмендеп жатса, онда экономикаға кері әсер етіп, бюджет кірісін төмендетеді. Және ол тек теңгенің ғана емес, басқа да валюталардың құнсыздануына әсер етеді деп болжам жасауға болады.