Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарға 25 трамвайды сатып алу бойынша өткен байқаудың қорытындысы жаңа жылға дейін жарияланбақшы

AstanaTV
15.12.2016ж. 20:00
2329
Павлодарға 25 трамвайды сатып алу бойынша өткен байқаудың қорытындысы жаңа жылға дейін жарияланбақшы

Павлодардың трамвай басқармасы жаңа трамвайларды сатып алу бойынша өткен байқаудың қорытындысын жаңа жылға дейін жарияламақшы. Бұл жайында «Астана» арнасына аталған кәсіпорынның басшысы Айтуар Жанғазин айтты. Оның дерегінше, тендерге 4 потенциалды жабдықтаушы компания қатысады. Екеуі қытайлық фирма, үшіншісі ресейлік және қазақстандық компаниямен ұсынылған белорустік кәсіпорын. Қазіргі таңда үміткерлердің құжаттары жіті зерттеліп жатқан көрінеді. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, жаңа жылдан бастап Павлодар көшелеріне 25 жаңа трамвай шығарылмақ.

Айтуар Жанғазин, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы:

Қаржының 2 млрд 460 млн банкі бөліп отыр. Оған республикалық, облыстық, қалалық бюджеттен ақша бөлінді. Трамвай - Павлодар қаласына керек көлік. Жай халықтың жүретін көлігі.

Айтуар Жанғазиннің сөзінше, трамвай паркінің бүгінгі ахуалы сын көтермейді. Тасымалдаудағы вагондардың 90 пайызының тозығы жеткен. Бұған рельстер мен электр желісінің ескіргенін қосыңыз. Сондықтан кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымы толықтай жаңартуды қажет етеді.

Павлодарда трамвай қозғалысы 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Желідегі 112 вагон тұрғындарды он бес бағыт бойынша тасымалдайды. Мұндағы ең көне трамвай 1976 жылы құрастырылған. Қалғанының көбі 30 жыл бұрын шығарылған,- дейді басқарма басшысы. Жарты ғасырлық тарихы бар кәсіпорында осы уақытқа дейін бар-жоғы 7 трамвай ғана жаңартылған екен.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ