Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркістан облысында қалың тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды

AstanaTV
23.12.2023ж. 04:04
520
Түркістан облысында қалың тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды

Ауа-райының нашарлауына байланысты Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолдарда абай болу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Қазіргі уақытта Сауран, Отырар, Келес, Сарыағаш, Түлкібас, Арыс аудандары мен Түркістан қаласы, Шымкент-Самара тас жолының 116-149 шқ, Қызылорда бағытында 170-196 шқ, 196-208 шқ-да қалың тұман және жолдың нашар көрінуі байқалады.