$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ауруханада орын жоқ". Ресейде коронавирус қайта өршіп жатыр

AstanaTV
24.12.2023ж. 16:39
920
"Ауруханада орын жоқ". Ресейде коронавирус қайта өршіп жатыр

Коронавирус індеті қайта өршуде. 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында қауіпті инфекцияны 850 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 52%-ке көп. ДДСҰ-ның дерегінше, Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, өлім-жітім үш есеге өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімет таратты, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і көз жұмыпты. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қазір Италия жаһанда бірінші орында тұр. Бір ай ішінде бұл елде 510 азамат дүние салды. Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.

Айта кетсек, 21 желтоқсанда Қасиетті Луки атындағы ковид науқастарға арналған ауруханада төсек-орын жетіспей жатқаны хабарланған. Өткен айда Роспотребнадзор басшысы Анна Попова Ресей қатаң шектеу шараларын енгізуді қажет етпейтінін мәлімдеген.