Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Абат Айымбетов: «Жақсы жаңалық күтіңіздер»

AstanaTV
24.12.2023ж. 17:09
771
Абат Айымбетов: «Жақсы жаңалық күтіңіздер»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын арада команда ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.

28 жастағы шабуылшы әлеуметтік желідегі парақшасында «Жақсы жаңалық күтіңіздер» деп жазған. Айымбетовке қазақстандық командалардан Шымкенттің «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары қызығушылық танытып отыр.

Сонымен қатар Түркия клубтарынан да ұсыныс бар. Әзірге ол нақты шешім қабылдамас керек. Биылғы маусымда «Ақтөбе» футбол клубының түлегі «Астана» сапында премьер-лигада 25 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Одан бөлек, 3 нәтижелі пасы бар. Ұлттық құрама сапында 3 гол салды. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бір мәрте көзге түсті.