Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Құрбысына телефон соғып үлгерген". Ер адам сүйіктісін бауыздап, артынан өзін өлтірмек болған

AstanaTV
24.12.2023ж. 17:37
748
"Құрбысына телефон соғып үлгерген". Ер адам сүйіктісін бауыздап, артынан өзін өлтірмек болған

Мәскеуде жантүршігерлік оқиғадан кейін адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жанжал кезінде жігіт ғашығының мойнын тіліп жіберген, кейін өзіне пышақ салған. Өлер алдында қыз құрбысына бейнебайланыс арқылы хабарласып үлгерген. 

25 жастағы қыз Краснодардан Ресей астанасына келген. Сонда 37 жастағы ер адаммен танысқан. Екеуі жақын араласып, кейін бірге тұра бастаған. Өткен түнде олар жанжалдасып қалып, ер адам пышақпен қызды бірнеше жерінен жаралаған. Содан кейін ол өзін пышақтап тастаған.

Қыз бөлмеге кіріп есігін құлыптап алған. Ол құрбысына телефон соғып, өзін өлтіргелі жатқанын айтады. Құрбысы бірден полиция шақырады. Келген офицерлер қыздың денесін тапқан. Аман қалған ер адам ауруханаға жеткізілген және ол барлығын мойындаған. Жақын арада одан жауап алынатыны айтылды. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.