$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмолалық шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде

AstanaTV
25.12.2023ж. 20:00
724
Ақмолалық шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде

Ақмолалық шаруалар үшін биылғы жыл оңай болмады. Жазда құрғақшылықпен алысса, күзде астықты жинау кезінде жауын-шашын әбігерге түсірді. Бидайдың көлемі ғана емес, сапасы да біршама төмендеді. Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен фермерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.

Биыл дәнді дақылдардың көрсеткіші екі есе төмендеді. Өткен жылы орташа өнімділік гектарынан 12,1 центнер болса, биыл бұл көрсеткіш 6,4 дейін түскен. Дегенмен, ақмолалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аянбай еңбек етіп, облыс көлемінде өнім тапшылығын сездірген жоқ.

Кенеш ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тем не менее, благодаря упорному труду нашиш аграрий...Аграрийлердің қажырлы еңбегінің арқасында 3 миллион тоннадан астам бидай жиналды. Осының арқасында біз ішкі қажеттілігімізді толық өтедік. Майлы дақылдардың ішкі жалпы өнімі 100 мың тонна болса, 148 мың тонна картоп, 19,5 мың тонна көкөніс алдық.

Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында фермерлер қолдауға ие болды. Егін жинау жұмыстарына 90,5 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген. Субсидиялау бойынша қарыздарды өтеу үшін қосымша 9,4 миллиард теңге қарастырылды. Сондай-ақ, несиелік міндеттемелер бір жылға ұзартылды.

Кенеш ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

За счет принимаемых мер...Мал шаруашылығы саласында атқарылып жатқан шаралардың арқасында жыл басынан бері ет өнімі 8,7%ке өсті. 352 мың тонна сүт, 608 миллион дана тауық жұмыртқасы шығарылды. Ақмолалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері облыс қана емес, Астана тұрғындарының да қажетіліктерін қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан, мал шаруашылығындағы басым бағыттардың бірі – жұмыс істеп тұрған ет және сүт тауары фермаларының қуаттылығын арттырып, жаңа фермалар құру.

Жыл басынан бері 46 ет фермасы іске қосылып, ірі қара саны 2,5 мыңға артты. Алдағы екі жылда 15 миллиард теңге несие бөлініп, тағы 7 сүт зауыты салынады деп жоспарланған. Ал, 2026 жылға дейін өнімділік көлемін арттыру үшін 71 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.