$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Эстрада жұлдызын жаңа жылдық кешке шақыру құны қанша?

26.12.2023ж. 20:00
1540
Эстрада жұлдызын жаңа жылдық кешке шақыру құны қанша?

Қазір барлық жерде жаңа жылдық шаралар өтіп жатыр. Мерекелік кештер жарық жұлдыздармен қызықты. Бірақ, оларды шақыру аз ақша емес. Дегенмен, ешкім оған қарап жатқан жоқ. Ал сіз білесіз бе, эстрада жұлдызын жаңа жылдық кешке шақыру құны қанша? Дәрібек Бахытбек айтады, көрейік.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жаңа жылдық кештің жұлдызы көп. Әсіресе, әншілердің түкірігі жерге түспей тұр. Мерекелік кеште бір ән айту құны қанша? Бірге білейік...
- Сәлеметсіз бе! Садрадинның көмекшісіз ба?
- Иә, иә тыңдап тұрмын.
- Бізде Астана қаласында желтоқсанның 29-ына жаңа жылдық кеш болайын деп жатыр еді. Соған шақырсақ деп едік.
- Өкінішке орай, біз ол күні бос емеспіз.
- Жалпы қанша теңгеге келеді негізі?
- 13 мың доллар.

- Калифорнияның көмекшісіз ба?
- Директоры боламын.
- 29-шы желтоқсан күні бос пе екен? Астана қаласында жаңа жылдық кеш болып жатыр еді, бізде корпоратив.
- Программалар бар бізде неше түрлі. Сол программаларды жіберемін. Таңдайсыздар да өздеріңіздің бюджеттеріңізге. 4 млннан басталады.
- Раймға продюсерсіз ба?
- Да, да. 29-ы бос. Гонорар 5 млн. Билет екі адам и гостиница.
- Қанша ән айтады?
- 7-8 ән 30 минуттық.

Азамат Махметов 10 жылдан бері әншілермен жұмыс істеп, түрлі мерекелік кештер ұйымдастырып келеді. Кешке шақырушылар қатары өте көп екенін айтады. Әсіресе, Алматы, Астана, Батыс Қазақстан облыстарының халқы белсенді.

Азамат МАХМЕТОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Тек жұлдыздармен жұмыс жасап жатырмын қазірі таңда. Осы жылы жана алдында айта кеткендей, былтырғыға қарағанда осы жылы көп. Әр мейрамханаға жұлдыздар бекітілген. Статустарына қарай бекітіледі. Бір мейрамханаға 5 жұлдыз, кейбір жерлерде 1 жұлдыз. Бұл жарнама ретінде жақсы. Осы хейтлайнерлеге қарап басқа компаниялар сол жерден өздерінің іс-шараларын ұйымдастырады өздерінің кештерін.

Ал тұрғындардың пікірі екіге жарылды. Бірі қарыздансам да шақырамын десе, бірі керек емес мүлдем дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Корпоратив сондай бірдене болса Қайрат Нұртас, Мейрамбек Басбаев жаңа жыл өлеңге сәйкес келмесе де, өлеңдері бірақ жылы да.
- Қайрат Нұртас мүмкін. Содан кейін Төреғали Төреәлі шақыруым мүмкін. Осыларды шақырамыз.
- Мен өзім лична шақырмаушы едім. Артық шығын ғой негізі. Білмеймін менің ойымша сондай. Бірақ адамдардың ойы әртүрлі ғой.

Мерекелік кешке кім кімді шақырса да өзі біледі. Бірақ, қарызданып-қауғаланып, тыраштану кімге керек дейсің..... Көрпеңе қарап көсілген деген бар емес пе....