$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкент көшелері тағы бір гүлзармен толықты

Шымкент көшелері тағы бір гүлзармен толықты

Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында жаңа гүлзар пайдалануға берілді. Шаһардың орталығындағы бұрын саудасы қыз-қыз қайнайтын нысандардың орны көпшілік демалатын аймаққа айналды. Кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 сотық жер толықтай абаттандырылды. Мұнда емен, үйіңкі секілді ағаштардың жүзге тарта көшеті және газон егілген. Бұдан бөлек гүлзар аумағында балалардың ойын алаңшалары салынды. Арнайы әткеншек, орындықтар мен жарық шамдар осы төңіректе тұратын көпқабатты үй тұрғындарының көптен күткені еді.

Рәзия ҚҰЛЫМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Не деген магазин, не деген сауда орындары болып кеткен еді. Қазір оның бәрі алынып, мінекей тамаша скверге айналдырып халықтың пайдалануына берді.

Мінекей, немерелерімізді ертіп кеп, демалдырып жатырмыз.

Рашид МЫҢБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл жердің тұрғындары 20 жылдан бері осы жердің сквер болуын сұрап келген болатын. Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлының қолдауымен дереу арада шешіліп, жалпы құрылыс жұмыстары 25 күндей уақыттың ішінде тез арада осында сквер бітіп шықты.