$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қайын жұртым батасын берді". Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасынан кейінгі жағдайын айтты

AstanaTV
27.12.2023ж. 12:38
5625
"Қайын жұртым батасын берді". Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасынан кейінгі жағдайын айтты

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының қазасынан кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Журналист күйеуінің жылынан кейін қайын жұрты келіп, иығына ақ жаулық жауып, ендігі өмірі ақ болсын деп батасын бергенін айтты. Сонымен қатар, ол қиын кезеңде қалай аяқтан тұрғанын да жеткізді.

Мен мықтымын деп өзімді көрсетіп жүргенмен олай емес. Ол үлкен салмақ. Бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқың келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болды деп айта алмаймын. Жора-жолдастарым, анам, қайын апаларым, қайын ағаларым көмектесіп тұрады, - дейді журналист.

Оның анасы 49 жасында 4 төрт баламен жесір қалған екен.

Жеңгем 6 алты баламен қалды. Олардың қасында Қайрекең балаларға керек сәтінде қасында болды. Мықты тәрбие беріп кетті. Ұлдарым қазір бұзықтық жасаса дауыс көтере алмаймын. «Менің ойымша, сенің бұл іс-әрекетің әкеңе ұнамас еді» деп айтамын. Түсіндірудің ең биік жолы – сол. Жинала қояды. Жеңгем алтыншы баласын ағам дүниеден өткеннен кейін төрт күннен кейін дүниеге әкелді. Жеңгемнің мықтылығына қарап, басқа да келіншектердің мықтылығын мойындаймын, – дейді ол.

Сұхбат кезінде Ләйлә Сұлтанқызына көз жасына ерік берді.