Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Пугачева мен Галкинге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін – БАҚ

AstanaTV
27.12.2023ж. 21:12
686
Пугачева мен Галкинге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін – БАҚ

Ресей Тергеу комитеті атақты әнші Алла Пугачева мен белгілі әзіл-сықақшы Максим Галкиннің үстінен қылмыстық істің қозғалуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұл туралы Halyq Uni хабарлайды. 

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Тергеу комитеті өнерпаздардың үстінен түскен арыз-шағымдарды қарамай, қылмыстық жауапкершілікке тартпаған болатын. Енді комитет ел-ел, жер-жерден жаңа материалдар үсті-үстінен келген соң, белгілі юморист пен оның зайыбының үстінен қылмыстық іс қозғауы мүмкін.

SHOT-тың хабарлауынша, «Зов народа» қоғамдық ұйымның белсенділері Тергеу комитетіне арыз жазып, Пугачева мен Галкиннің Украинадағы соғыс басталысымен Ресейді қаралаған сөздерін ескеріп, қылмыстық істі қозғауды сұраған.

Белсенділердің айтуынша, Галкин Түркияның Анталья қаласы мен Кипрдің Лимасол қаласында болған шығармашылық кешінде Украина қарулы күштерін қаржыландырып жатқанын мойындап, украин дрондарының Мәскеуге шабуылына қуанып, Ресейдің қорғаныс жүйесін кекеткен. Ал Пугачева болса, Украинадағы соғыс басталған күннен бері-ақ Ресейдің саясатына ашық қарсы шығып, елді арандататып келеді.

Әзірше Тергеу комитеті Ресейде шетел агенті болып танылған әртістерге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Жаңа жыл мерекесінен кейін материалдарды зерттеп, арыз-шағымдарды ескеріп, екеуінің үстінен қылмыстық істі қозғайды деген дерек бар. Егер іс қозғалса, Галкин мен Пугачева Ресей Федерациясының қарулы күштерін кемсіту әрекеті бойынша әр қайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал терроризммен айналысты деген күдік расталса, 15 жылға дейін сотталуы ықтимал.