Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

"Боран, көктайғақ, қатты жел күтіледі": Синоптиктер жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады

AstanaTV
27.12.2023ж. 17:29
877
"Боран, көктайғақ, қатты жел күтіледі": Синоптиктер жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет ел аумағы бойынша 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында тұрақсыз ауа райы болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандардың хабарлауынша, ел аймақтарында атлантикалық циклон әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ боран, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болжануда. 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде 30 м/с қатты жел күтіледі. 30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 градус аязға дейін жетеді.