Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодарда 53 млн. теңгеге салынған мұз қалашық еріп жатыр

27.12.2023ж. 20:00
559
Павлодарда 53 млн. теңгеге салынған мұз қалашық еріп жатыр

Павлодарда 53 млн. теңгеге салынған мұз қалашық еріп жатыр. Күн райы күрт жылынып, мұз суға айналған. Өңір тұрғындары қазына қаржысының ысырап болғанын айтады. Биыл синоптиктер қыстың жылы болатынын алдын ала ескерткен. Алайда, қала билігі бұны ескермеген сияқты.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

53 млн теңге далаға еріп кетіп жатыр ғой. Оны неге алдын ала ойламаған. Қаншама ақша ғой. Бәрі еріп жатыр. Беталды 53 млн теңге кетіп қалды.

Ал қала әкімдігіндегілер мұз қалашықтың 5 пайызы ғана ерігенін айтады. Алайда, күн суытқан соң, мердігер қалашықты қайта қалпына келтіретінін жеткізді. Мұз алаңын салуға 275 текше метр мұз жұмсалынған. Бұл -4 млн. 125 теңге.

Ғизат СМАЙЫЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Күннің күрт жылуынан болып, бізде бір екі элемент мұзы еріді. Бірақ, біз мұзға жинап дайындап қойдық. Подрячигіміз барп өзіміз бар күн -5, -10 градусқа дейін төмендегенде ауа райы онда қайта орнына келтіреді бір екі құлаған жер бар.