Израиль Газа секторының орталығындағы лагерлерде құрлықтық операцияны кеңейтіп жатыр. Тель-Авив бұл соғыстың әлі бірнеше айға созылатынын ескертті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль армиясының соққысынан Буреджи, Нусейрат, Мағази лагерлерінде ондаған адамның қаза тапқанына өкініш білдірді. Соңғы тәуліктің өзінде бұл елдімекендерде 195 адам мерт болған.
Қазір Хан-Юнус лагерінде де қанды шайқас жалғасып жатыр.
Жалпы алғанда, Израильдің шабуылдарынан Газада 11 аптада 21 мыңнан астам палестиналық жан тәсілім еткен. Құрбандардың көбі - әйелдер мен балалар. Ал хамастықтар Израильдің оңтүстігіне қазанның 7-де басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 240 тұрғынды кепілген алғаны белгілі.