Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы БҚОФ үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталды

28.12.2023ж. 20:00
481
«AMANAT» партиясы БҚОФ үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталды

Оралда «AMANAT» партиясының жылды табысты аяқтаған бастауыш партия ұйымдары мен белсенділері марапатталды. Бүгінде өңірде 213 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.Ел алдында берілген сайлауалды уәделердің уақытылы орындалуы - партияға сын. Ал бұл істе бастауыш партия ұйымдарының еңбегі зор. Сондықтан осы ауқымды жұмысты уақытылы әрі толық орындаған 35 бастауыш партия ұйымы марапатталды. Игі іске сүбелі үлес қосқан белсенділердің де еңбегі ұмыт қалмады. Бұл бірлестіктер «AMANAT» партиясының қолғанаты іспетті. Өйткені осы ұйымдардың көмегімен партияның 17 жобасы сәтімен жүзеге асырылыпты. Оның ішінде ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажына көңіл бөлінген.

Азамат САФИМАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Жер аманаты бойынша бізде жоспар бойынша 50 мың гектар қайтару керек болсақ, қазіргі таңда 200 мыңнан астам гектар жер қайтарылды. "Ауыл аманаты" жобасына келетін болсақ, бұл жоба өңірімізде үлкен жұмыстар атқарылды. Жылды партиямыз жақсы нәтиежелрмен аяқтап жатыр. Биылғы жылдағыдай келесі жылға да алда үлкен жоспарларымыз бар. Бұйырса, осыны атқарамыз деп есептеймін.