Қызылордада құс фабрикасы ашылды. Енді тұрғындар жергілікті өнімді тұтынады. Қармақшы ауданынан ашылған нысан 100 адамды жұмыспен қамтыды. Жыл соңында өңір халқын қуантқан жаңалық көп.
Құны 3 млрд теңге болатын нысанның жылына 1500 тонна құс етін өндіруге мүмкіндігі бар. Қазір мұнда 100 адам еңбек етеді. Кәсіпкер ирандық технологиямен фабриканы қалдықсыз етіп жабдықтаған. Күніне 300 текше метр су пайдаланылады. Оның өзін ысырап қылмай, қайта іске асырады.
Нұрлан ІЗДІБАЕВ, ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
сасытпау, қалдықтарды қалдырмау жөнінде бүкіл бөлімдер жұмыс жасап жатыр. және одан шыққан судың өзінің де көп пайдалылығы бар. Протейні жоғары егістікке жарайтын суды шығарамыз.
Аймақта мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Соның аясында елдімекендерде 15 дәрігерлік амбулатория ашылды. Ақжар және Тұрмағанбет ауылының тұрғындары заман талабына сай жабдықталған медициналық нысанда емделетін болады.
Шырын МЕШІТБАЕВА, ТҰРҒЫН:
Бұрыңғы амбулатория ескі еді ғой. Кішкентай тұғын. Тар еді ғой, жатуға да. Мынаның іші кең, жақсы екен. Адам жататын жерлер де, бөлмелері де. Осындай болса екен деп қа ндай адам да күтеді ғой. Басқа жерден көргенімізде бізге де осындай болса екен деп тіледік қой.
Аймақта тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Қазір облыс көлемінде 300 тұрғын үй салынуда. Биыл 11 мыңнан астам адам қоныс тойын тойлаған. Оның қатарында қармақшылық 51 отбасы да бар. Ол үйлер «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде салынған.