Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ғасыр бұрын таспаланған суреттерді тірілткен кім?

29.12.2023ж. 20:00
444
Ғасыр бұрын таспаланған суреттерді тірілткен кім?

Әйгілі археолог Самуил Дудиннің 100 жылдан астам уақыт бұрын таспалаған суреттеріне жан бітті. Жо-жоқ, бұл қандай да бір ертегі емес. Бұл алматылық кәсіпкердің жасанды интеллекттің көмегімен іске асырған жобасы. Ескі фотосуреттерді тірілткен Бақдәулет Бекжанов тағы қандай анимацияларымен таң қалдырмақ? Жоба авторымен аймақтағы тілшіміз тілдесті.

Әуезді ән мен сазды күй, бүркіт ұстаған қария, сықылықтаған бұрымдылар. Ескінің көзі болған бұл суреттер ғасыр бұрын түсірілген. Сағат сайын дамып жатқан заманауи технологиялардың арқасында фотосуреттер тіріліп, қайта жаңғырды. Ерекше идея бірден халықтың көңілінен шығып, ықыласына бөленді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:.

- Негізінде осы технологияға мен өте разымын. Біздің қазағымыздың мықтылығын, батыр ұлдарымыз, батыр қыздарымызды, сол замандағы керемет дәстүрлі әншілерімізді, түрлі дүиелерді жаңғыртып, соны жастарға көрсетіп жатқанына өте қуаныштымын. Ол өте дұрыс деп ойлаймын.
- Өте әсерлі екен. Заманауи технологиялардың дамып жатқаны жақсы ғой. Өзім жаңашылдықты қолдаймын. Жолдасым мен балам да осы жасанды интеллект арқылы «Адамдар Марста қалай өмір сүреді?» деген сияқты сұраққа жауап алған еді.
- Қазір жасанды интеллект қатты дамып жатыр. Және маған өте ұнайды. Себебі шынымен де бұрынғы заманға түскендей боласын. Бұрынғы адамдардың кейпін көріп, реализм сияқты болады. Жасанды интеллекттің пайдасы зор.

Суреттерге жаңа дем берген - кәсіпкер Бақдәулет Бекжанов. Ол осы салаға бір жылдан бері қызығушылық танытып келеді. «Бұл іс асқан ұқыптылық пен егжей-тегжейлі еңбекті талап етеді»,- дейді. Ерекше идеяны іске асырған азаматтың болашаққа жоспары көп. Енді ол мұражайдағы картиналардың анимациясын жасауды көздеп отыр. Айта кету керек, бұған дейін Бақдәулет жасанды интеллект арқылы, тіпті, әйгілі Мона Лизаны қазақ қызына айналдырды.

Бақдәулет БЕКЖАНОВ, КӘСІПКЕР:

20-30 итерация арқылы ғана жақсы нәтижеге жете аламыз. 1 фото үшін 3-4 сағат кетеді. Жасанды интеллектің артынан біз өзгерістер жасаймыз өте детальды болып шығу үшін, жұмыс нақты, толық болу үшін. Осы мүмкіншіліктерді жасанды интеллекттің пайда болғанының арқасында бір адам ғана жасай алады. Себебі басқа традиционный инструменттер арқылы жасайтын болсақ, оны бүкіл команда жасау керек болады. Үлкен ақша мен, үлкен уақыт кетеді.

Жасанды интеллекет күн санап дамып келеді. Ол көптеген салаларда, атап айтқанда, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы және өндірісте кеңінен қолданылады. Мамандардың айтуынша, ол экономикалық тұрғыдан үнемдірек.

Алдиар ТҰРЫСБЕК, IT МАМАНЫ:

Жасанды интеллекттің үш түрі бар. Оның бірі оңай болып келеді, тар мамандықтарда қолданылады. Дауысты көмекшілер, сири немесе гугл ассистент сияқты және сөйлеу тану алгоритмі бойынша жұмыс жасайтын боттар. Және нейрондық желі арқылы жасайтын жасанды интеллекттер. Үшіншісі, жалпы бүкіл мамандықтарда қолданылатын жасанды интеллект. Бірақ адамдардың мүмкіндіктерінен жоғары болып келетін жасанды интеллекттер әлі утопиялық идея.

Болашақта жасанды интеллектің көмегіне сұраныс арта түседі. Десе де адамзаттың ақыл-ой, санасын толықтай еш нәрсе алмастыра алмайтынын ұмытпаған жөн.