Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысы «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті

29.12.2023ж. 20:00
381
Түркістан облысы «AMANAT» партиясының  барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы өтті

Түркістан облысында «AMANAT» партиясы бастамасымен VIII шақырылымдағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I облыстық форумы болды. Биыл аймақта облыстық мәслихаттың 8 сессиясы өтіп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 115 шешім қабылданған. Есепті кезеңде депутаттар халықты толғандыратын проблемаларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға 238 депутаттық сауал жолдаған. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде депутаттар 1324 қоғамдық қабылдау өткізіп, 4561 азаматтың өтініштері тыңдалды. Форумға қатысушы депутаттар өзекті деген сауалдар бойынша басқарма және департамент басшыларына тікелей сауалдар қоюға мүмкіндік алды.

Уәлихан ҰЗАҚОВ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екі мың адам кезекте тұр үйде. Соған үй беру қиын болып жатыр. Биыл құдай қаласа 2024-те сол үй салдыруға, бірп адамға болсын үй салдырып берсем деген мақсатым бар. Соны істесем менің біраз бағдарламаларым орындалар еді.

Жергілікті мәслихат депутаттарының форумы Маңыстау өңірінде де өтті. Жиынға қатысқан депутаттар мұндай форум жылды қорытындылауға, алдағы жоспарларды талқылауға арналған тамаша алаң деді. Биыл өңірде жаңа өнеркәсіптік нысан іске қосылып, 80-нен астам жаңа жұмыс орны ашылған. "Ауыл аманаты" жобасы аясында 102 миллиард теңге бөлінген.

Кирилл ОСИН, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Биыл біршама жетістіктерге жеттік. Өңірде күрмеуі қиын мәселелер әлі де жеткілікті. Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету оның көлемін ұлғайту бойынша үлкен жобалар жүзеге асуы қажет.

Себебі біз осы салаларда біраз проблемалар туындап жатқанын көріп отырмыз.