$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 37 адам тағамнан ұшынды

29.12.2023ж. 20:00
629
Астанада 37 адам тағамнан ұшынды

Астанада "Okadzaki" мейрамханаларының бірінде тамақтанған 37 адам әлеуметтік желілерде уланғанын айтып, жазба жариялады. Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс жүргізген. Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Еске салайық, дәл осы "Okadzaki" мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған.

ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

«Okadzaki» мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.