Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжарда бүтін бір отбасын өлтіріп кетті

29.12.2023ж. 20:00
1146
Қызылжарда  бүтін бір отбасын өлтіріп кетті

Қызылжарда бүтін бір отбасы ажал құшты. Сағат күндізгі бір жарым шамасында Париж коммунасы көшесіндегі нөмірі 81 үйде үш мәйіт табылған. Полицейлер отағасы мен отанасы және олардың 17 жасар баласы дене жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. Ерлі-зайыптылар жерлеу рәсімімен айналысатын компанияның жетекшісі болған. Оларды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Азат ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі бірінші тармағы яғни екі немесе одан да көп адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Полиция қызметкерлері екі облыс тұрғынын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.